Тарих
История коллегия адвокатов г. Нур-Султан
История коллегия адвокатов г. Нур-Султан
Ақмола қаласында адвокаттар алқасы алғаш рет 1938 жылы құрылды. Ол Ақмола облыстық адвокаттар алқасы ретінде жұмыс істеді. 1961 жылы облыстың 14 ауданына қызмет көрсететін Целиноград облыстық адвокаттар алқасы болып өзгертілді. Әр жылдары алқада белгілі қазақстандық адвокаттар Итбаев Б.И., Баранчук Н.И., Раев М.Р., Горкунов П.С., Белоусов А.Г., Антонова Г.Е. қызмет етті. 1962 Целиноград адвокаттар алқасында Носова Л. С. жұмысын бастады, ол 50 жылдан астам Адвокаттық қызметте университет бітіріп келген маманнан бастап Қазақстанның шекарасынан да тыс танымал адвокаттық жолды өтті.
ҚР "Адвокаттық қызмет туралы" 05.12.1997 жылғы Заңының 20 бабы 3-тармағымен қала аумағында бір адвокаттар алқасының құрылуы анықталды.
Құрылтай жиналысының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы хаттамасымен Ақмола қалалық адвокаттар алқасы құрылды. Құру кезінде 34 адам қатысты, олардың ішінде біз білетін адвокаттар-Носова Л.С., Иваненко Л.П., Павленко Н. П., Ибраева Г. К. Ербусанова Т.Т., Досанова Н.Д., Сағындықов К. С., Сейфуллин М. К., Бейсембаева Б. Б., Носов П.Б., Лукановский А.В., . Беда Е. И. Ильясова Г. Х. Байбуза Л. Г., Филаретова С.Я., Нагай Д.К. болды.
1998 жылы 26 қантардағы Адвокаттардың жалпы жиналысының № 1 хаттамасымен Галайша А.А. адвокаттар алқасының төрағасы болып сайланды. 06.02.1998 жылғы жалпы жиналыс хаттамасымен Ақмола қалалық алқа президиумы сайланды.
1999 жылдың қыркүйегінде алқада 42 адвокат болды .
2001 жылғы ақпан бойынша -55 адвокат, 2002 жылғы наурызға - 70 адвокат,2003 жылғы тамызға - 126 адвокат, 2008 жылдың наурызына - 151 адвокат.
Алқа Төрағасы 1998 - 2010 жылдары Галайша А, 2010-2018 жылдары Досанова Райхан Байдалиқызы, 2018- 2022 жылдары Билялов Бекжан Сәкенұлы болды
2019 жылдың 19 сәуірінде Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысында Астана қаласының Адвокаттар алқасы, 2022 жылы Астана қаласының адвокаттар алқасы болып өзгертілді.
Астана қаласының Адвокаттар алқасы конституциялық заңдарды іске асыруға, әр адамның білікті заң көмегін алуға, құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға жәрдемдеседі
Алқа әр қызметкерінің кәсіби адвокаттық қызметте жинаған мол тәжірибесін, адвокатураның позитивті, гуманистік дәстүрлерін жалғастырушысы болып табылады
Адвокаттар алқасы институт ретінде адвокатураның қалыптасуына ықпал етеді, азаматтық қоғам, адвокаттардың құқықтарын қорғау бойынша міндеттемелерді көтереді - Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшелері, ғылыми, құқықтық қорғаумен байланысты әдістемелік, ағартушылық және өзге де жұмыстарды, жас адвокаттарға оң тәжірибе беруді, өз ардагерлеріне қамқорлық таныта білуді өз міндеттеріне алған.
Астана қаласының Адвокаттар алқасы коммерциялық емес тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілде заңымен, Жарғымен , алқа мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерімен, Заңда белгіленген өзге де функцияларды орындау, адвокаттар жеке және заңды тұлғаларға құқықтар мен заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың мүдделерін қорғау мақсатында құрылған.