Органдар
Алқа органдары
Төралқа-жалпы жиналыс (конференция) шешімдерін орындау бойынша адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ Жарғыда көзделген өзге де функцияларды орындау үшін жалпы жиналыс (конференция) сайлайтын адвокаттар алқасының тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы.
Төралқаның сандық құрамын жалпы жиналыс (конференция) айқындайды.
Адвокаттар алқасының төралқасы төрт жылдан аспайтын мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Мүшелердің жалпы жиналысы (конференциясы) — Астана қаласының адвокаттар алқасының жоғары органы, ол адвокаттар алқасы қызметінің кез келген мәселелерін шешуге құқылы.
АСТАНА ҚАЛАСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ :
15-бап. Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы
15.1.Алқаның ревизиялық комиссиясы Алқаның және оның органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын алқаның бақылау-тексеру органы болып табылады.
15.2.Алқаның ревизиялық комиссиясы құрамында бес адамнан аспайтын алқаның мүшелері қатарынан құрылуы мүмкін.
15.3. Ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негізде өтеусіз жүзеге асырады және алқада өзге де сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес.
15.4.Алқаның ревизиялық комиссиясын, оның төрағасын алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы), ашық дауыс беру арқылы Астана қаласы Адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) дауыс беру және шешімдер қабылдау регламентінде белгіленген тәртіппен төрт жылға сайлайды және алқаның жоғары басқару органына есеп береді.
15.5.Бір адам алқаның ревизиялық комиссиясының құрамында бір мерзімнен артық бола алмайды.
15.6.Алқаның ревизиялық комиссиясы кез келген уақытта алқаның қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы.
15.7.Алқа ревизиялық комиссиясының талабы бойынша алқа органдары тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынуға және ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктемелер беруге міндетті.
15.8. Ревизиялық комиссиясы міндетті түрде алқаның қаржы-шаруашылық қызметі туралы жылдық есебіне тексеру жүргізеді және оның нәтижелерін Алқаның және Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарына орналастырады.
15.9. Ревизиялық комиссиясы алқа мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына (конференциясына) есеп береді.
15.10.Алқаның ревизиялық комиссиясының есебін ұсынудың жұмыс тәртібі, кезеңділігі осы Жарғыда және алқаның ішкі құжаттарында айқындалады.
АСТАНА ҚАЛАСЫ АЛҚАСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ.
16-бап. Алқа мүшелерінің, адвокаттар тағылымдамашыларының тәртіптік жауапкершілігі және оған тарту тәртібі. Алқа тәртіптік комиссиясы.
16.1.Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясы алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған есеп беретін тәуелсіз алқа органы болып табылады.
16.2.Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясының шешімдері міндетті болып табылады.
16.3.Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясының құрамына алқаның ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья кіреді.
16.4. Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясының төрағасы Адвокат болып табылады.
16.5.Бір адам алқаның адвокаттарының тәртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық тұра алмайды.
16.6.Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені және тәртіптік жауаптылыққа тарту рәсімін Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді.
16.7.Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.
16.8.Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясының төрағасы мен мүшелері Астана қаласы Адвокаттар алқасының жалпы жиналысында (конференциясында) дауыс беру және шешімдер қабылдау Регламентінде белгіленген тәртіппен ашық дауыс беру арқылы сайланады.
16.9. Төралқа тәртіптік комиссияның құрамына сайлау үшін әділет органдарының ұсынысы бойынша екі отставкадағы судья мен үш қоғам өкілінің кандидатураларын жалпы жиналысқа (конференцияға) ұсынады.
16.10.Алқаның тәртіптік комиссиясы оның толық құрамын алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) сайлағаннан кейін құрылған болып есептеледі.
16.11.Алқа адвокаттарының тәртіптік комиссиясы жұмысының нәтижелері алқаның интернет-ресурсында орналастырылады.
Аттестаттау комиссиясы - алқаның адвокаттарын аттестаттаудан өткізу үшін құрылған, Астана қаласының Адвокаттар алқасының тұрақты жұмыс істейтін сайланбалы органы,.
Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) кемінде он жыл адвокаттық қызмет өтілі бар неғұрлым білікті және тәжірибелі адвокаттар қатарынан төрт жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.
Біліктілік комиссиясы тағылымдамадан өтушілермен жұмысты ұйымдастыру үшін Астана қаласының Адвокаттар алқасы төралқасының жанында жұмыс істейді.
Адвокаттар алқасы төралқасы төрағаның ұсынуы бойынша алқаның адвокаттары арасынан біліктілік комиссиясының төрағасын тағайындайды.
Біліктілік комиссиясы мүшелерінің құрамы мен санын кемінде 10 жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттар алқасының неғұрлым білікті, тәжірибелі адвокаттары қатарынан Біліктілік комиссиясының төрағасы қалыптастырады, алқаның Төралқасы бекітеді және адвокаттар алқасының есепті-сайланбалы жалпы жиналыстары (конференциялары) арасындағы уақыт кезеңіне қолданылады.
Консультативтік-әдістемелік кеңес-Астана қаласы Адвокаттар алқасы төралқасының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-ұсынымдық орган.
Адвокаттар алқасының төралқасы екі жыл мерзімге оң кәсіби беделге ие, адвокаттық жұмыстың практикалық тәжірибесі және ғылыми әлеуеті бар алқаның адвокаттары қатарынан құрылады.