Жеке кабинет
КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

Қазақстан Республикасы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға клиент заң көмегіне жүгінген сәттен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қабылданғанға дейін оны құқықтық сүйемелдеумен жасалатын өтеусіз заң көмегі шартына сәйкес, іс бойынша қорытынды құқықтық шешім шыққанға дейін (құқықтық жағдайды шешу)көмек көрсету болып табылады.

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.

КӨМЕК КӨРСЕТІЛУІ МҮМКІН:

1) Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;

2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

5) жасы бойынша зейнеткерлерге;

6) қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге;

7) Әлеуметтік және қаржылық қиын жағдайдағы өзге де адамдарға беріледі.

Азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілмейді.