Жеке кабинет
АСТАНА ҚАЛАСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ.

17-бап. Адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі. Алқаның аттестаттау комиссиясы.

17.1. Алқаның аттестаттау комиссиясы алқаның адвокаттарын аттестаттауды өткізетін оның сайланбалы органы болып табылады.

17.2. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін алқаның жалпы жиналысы (конференциясы) кемінде он жыл адвокаттық қызмет өтілі бар неғұрлым білікті және тәжірибелі адвокаттар арасынан сайлайды.

17.3.Аттестаттау комиссиясының мүшелері мен оның төрағасы төрт жыл мерзімге Астана қаласы Адвокаттар алқасының жалпы жиналысында (конференциясында) дауыс беру және шешімдер қабылдау Регламентінде белгіленген тәртіппен ашық дауыс беру арқылы сайланады.

17.4. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің санын алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) айқындайды және тақ болуға тиіс.

17.5. Алқаның аттестаттау комиссиясы алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) бекіткен Ереже негізінде әрекет етеді.

17.6. Аттестаттауды өткізу тәртібі адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы бекіткен адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ережеде белгіленеді.

АТТЕСТАТТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адвокаттар әр 5 жыл сайын кезекті аттестаттаудан өтеді.
Кезектен тыс аттестаттау адвокаттың біліктілігінің жеткіліксіздігі туралы куәландыратын , шағымдарды қарау нәтижелері бойынша анықталған фактілер анықталған кезде адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша жүргізіледі.
Аттестаттау комиссиясының отырысына аттестатталатын адвокаттың келуі міндетті.
"Аттестатталмаған" шешім қабылданған Адвокат ҚР "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы, 3) т. сәйкес, оның адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы өтінішхат бере отырып, адвокаттар алқасынан шығарылуға жатады.
АТТЕСТАЦИЯҒА КӨМЕК
жүктеу күні – 16.11.2022
Жұмыс топтары қызметінің, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің, жұмыс органдарының, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялар мен өзге де құрылымдардың құрамына кіретін адвокаттардың қағидалары
жүктеу күні – 16.12.2023
Адвокаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы ереже