Жеке кабинет
20.07.23 Мемлекет кепіл берген заң көмегі аясында қала тұрғындарына құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді.

2023 жылдың 20 шілдесінде «Аманат» партиясының елордалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Астана қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Е.Н.Әлайдардың және Астана қаласының адвокаттар алқасының “Есіл” ауданы бойынша заң консультациясының адвокаты Г.К.Саулебаеваның қатысуымен мемлекет кепіл берген заң көмегі аясында қала тұрғындарына құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді.

Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындамауы, алимент төлемдерін өндіріп алу және жеке сот орындаушыларының әрекеті(әрекетсіздігі) бойынша қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар қайтарылды.