
ХАБАРЛАМА Астана қаласының адвокаттар алқасының жалпы жиналысын өткізу туралы
Құрметті әріптестер!
2025 жылғы 27 ақпанда сағат 10.00-де Астана қаласының адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (бұдан әрі- Алқа) ZOOM бағдарламасы арқылы (конференция идентификаторы -945 132 2449, парольсіз) келесі күн тәртібімен онлайн режимінде өтеді:
- Алқаның төралқасының есебі;
- Алқаның ревизиялық комиссиясының есебі;
- Алқаның аттестаттау комиссиясының есебі;
- Алқаның тәртіптік комиссиясының есебі;
- Алқаның 2025 жылға арналған кірістер мен шығыстар сметасын бекіту;
- Алқаның тәртіптік комиссиясын сайлау.
Астана қаласының адвокаттар алқасының жыл сайынғы жалпы жиналысына қатысу адвокаттар алқасының әрбір мүшесінің міндеті болып табылады және төралқаның ерекше бақылауында болады. Алқа мүшесі жыл сайынғы жалпы жиналысқа қатысу міндетін орындамаған әрбір жағдайда төралқа тексеру жүргізеді, содан кейін материалдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау үшін тәртіптік комиссияға жібереді.
Ескерту:
- Жалпы жиналысқа қатысушыларды тіркеу «ZOOM», бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, 2025 жылғы 27 ақпанда сағат 08.30-дан бастап.
- Жалпы жиналысқа қатысу үшін сізге:
- «ZOOM» қолданбасында «Конференцияға кіру» немесе «Кіру» түймесін басыңыз; конференция идентификаторы - 945 132 2449 нөмірін енгізіңіз;
- екінші жолда толық аты-жөніңізді енгізіңіз және «Кіру» түймесін басыңыз (конференцияға кіру кодын енгізудің қажеті жоқ);
- күту залында конференция әкімшісі сізді анықтап, жалпы жиналысқа қатысуға шақырады. 3. Толық аты-жөнін енгізу шарттарын орындамаған қатысушылар жалпы жиналысқа жіберілмейді.
Астана қаласының адвокаттар алқасының төралқасы