Адвокатура күніне орай халыққа тегін кеңес беру бойынша республикалық акция өтті
«Адвокатура Сіздің құқықтарыңыз үшін!»
Адвокатура күніне орай 2023 жылғы 5 желтоқсанда сағат 10.00-13.00 аралығында халыққа тегін кеңес беру бойынша республикалық акция өтті.
Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаттары кепілді мемлекеттік заң көмегі шеңберінде өз заң консультацияларында азаматтарға арналған тегін консультациялар өткізді!