Жеке кабинет
Қайырымдылық Қорында мемлекет кепіл берген заң көмегі аясында халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді.

2023 жылдың 28 тамызында Астана қаласы Әділет Департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Е.Н.Әлайдар мен Астана қаласы адвокаттар алқасының “Есіл” ауданы бойынша заң консультациясының адвокаты Г.К.Саулебаеваның қатысуымен «Бақытты Шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары тұрақты даму, қолдау және көмек көрсету Қайырымдылық Қорында мемлекет кепіл берген заң көмегі аясында халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналарға азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану, қамқоршылықты тағайындау және мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау сұрақтары бойынша жауап берілді.

Сондай-ақ, іс-шара соңында қайырымдылықтың қордың басшылығы бас маман Е.Н.Әлайдарды, адвокат Г.К.Саулебаеваның көрсеткен білікті заң көмегі үшін алғыс хатпен көтермеледі.