2025 жылғы 25 қазанда Астана қаласының Адвокаттар алқасы жыл сайынғы спорттық іс-шаралар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасы күніне арналған волейболдан(әйелдер/ерлер) турнир өткізді.
🏐Турнирге 6 команда қатысты:
Астана қаласы соттарының әкімшілігі, Астана қаласы бойынша ҚР ӘМ және ҚР ӘМ Сот сараптамалары институтының біріккен командасы, Астана қаласының Нотариаттық палатасы, Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, "CURATOR" заң консультанттары палатасы және Астана қаласы Адвокаттар алқасы.
🥇ҚР ӘМ-нің Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтының және ҚР ӘМ-нің бірлескен командасы қыздар арасында да, ерлер арасында да чемпион атанды.
🥉Адвокаттар алқасының қыздар командасы үшінші орынға ие болды.
🏐Турнир үйлесімді, ұйымшыл және бір деммен өтті. Мұндай турнирлер командалардың спорттық шеберлігін шыңдауға ғана емес, қатысушылардың тұрақты, достық қарым-қатынастарын орнатуға ықпал етеді.
Астана қаласы Адвокаттар алқасының төралқасы