
Бүгін, 2025 жылғы 3 шілдеде Республикалық адвокаттар алқасы Төралқасының шешімімен Астана қаласы Адвокаттар алқасының Біліктілікті арттыру орталығы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында адвокаттардың біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыру құқығымен аккредиттелді.
Бұл шешім 2021 жылғы 7 қыркүйекте Республикалық адвокаттар алқасы Төралқасының шешімімен бекітілген (№18 хаттама) Адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібінің 9.1-тармағына сәйкес қабылданды.
Аталған тәртіптің 14.1-тармағына сәйкес, орталықтарды, ұйымдарды және жаттықтырушыларды аккредиттеу мерзімі — үш жыл.
Сәйкесінше, Астана қаласы Адвокаттар алқасының Біліктілікті арттыру орталығы берген сертификат Қазақстан Республикасының барлық аумақтық алқалары үшін заңды күшке ие, біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайды және адвокаттарды аттестаттау кезінде ескеріледі.