Жеке кабинет
Астана қаласы Адвокаттар алқасының командасы Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылары институтының 15 жылдығына арналған шағын футбол турнирінің күміс жүлдегері атанды

2026 жылғы 18 шілдеде Астана қаласы Адвокаттар алқасының футбол командасы Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушылары институтының құрылғанына 15 жыл толуына арналған, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырған шағын футбол турниріне қатысты.

Турнирге Астана қаласы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы Сот әкімшілігі департаментінің, Астана қаласы Адвокаттар алқасының, Астана қаласы Заң консультанттары палатасының және Астана қаласы Сот сараптамалары институтының командалары қатысты.

Финалда Астана қаласы Адвокаттар алқасының командасы Астана қаласы Сот әкімшілігі командасымен кездесті. Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Тек пенальти сериясында ғана Астана қаласы Адвокаттар алқасының командасы Астана қаласы Сот әкімшілігі командасына есе жіберіп, тартысты әрі бәсекелі ойын көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша біздің команда 2-орынға ие болып, Астана қаласының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мықты командаларымен өткен бәсекеде адвокаттар қауымдастығының абыройын лайықты қорғады.