Жеке кабинет
Астана қаласында қолдау және көмек көрсету қайырымдылық қорымен бірлесе отырып балаларға және ата-аналарына құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді.

Астана қаласы Әділет Департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің бас маманы Е.Әлайдар және адвокаттар алқасынан адвокат Г.К.Саулебаеваның қатысуымен мемлекет кепіл берген заң көмегі аясында, «Бақытты Шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары тұрақты даму, қолдау және көмек көрсету қайырымдылық қорымен бірлесе отырып балаларға және ата-аналарына құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мүгедек балаларға және ата-аналарына кәмелет жасқа толған азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, мүгедек азаматқа өкілдік алу туралы, мүгедектікке берілетін жәрдемақыны алу сұрақтары бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.