Астана қаласының адвокаттар алқасы елордалық сот ұжымын құттықтады
Елордалық сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында кездесу өтті.
Кездесуге Астана қаласы адвокаттар алқасының төрағасы Р.Е. Узканов, адвокат С.Р.Куликова және Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Е.Ш.Жұмақсанов қатысты.
Қатысушылар Конституцияның ел дамуындағы және сот жүйесіндегі рөлін, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзге де мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Р.Е.Узканов Астана қаласы сотының ұжымын мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып, құттықтау хатын табыс етті.
Отырыс соңында Е.Ш.Жұмақсанов әріптестеріне алғыс айта отырып,өз кезегінде Астана қаласының адвокаттар алқасы ұжымының жұмысына табыс тілеп, ынтымақтастық үшін ықыласын білдірді.