Елорда прокуратурасы азаматтардың мүддесі үшін ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.
Қала прокуратурасы, Полиция департаментімен және адвокаттар алқасымен бірлесіп, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Меморандумға қой қойды.
Құжат кәсіби диалогты дамытуды, білікті заң көмегін көрсету тетіктерін жетілдіруді, адвокаттық қызметтің кепілдіктерін қамтамасыз етуді және заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Негізгі мақсат – мемлекеттік органдар мен адвокатураның азаматтардың мүддесі үшін өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, құқықтық кепілдіктерді күшейту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Әрбір өтініштің артында нақты өмірлік жағдай жатыр. Сонымен қатар, неден бастау керектігін және көмек сұрау үшін қайда жүгіну керектігін бәрі біле бермейді. Уақтылы консультация азаматтарға өз жағдайын түсінуге, қате әрекеттерден аулақ болуға және өз мүдделерін қорғаудың заңды әдісін таңдауға көмектеседі”, - деп қала прокурорының м.а. Ерлан Өтеуов атап өтті. Меморандумның жасалуы халыққа жедел және сапалы құқықтық қолдау көрсетуг