Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі 2026 жылғы 1 шілдеде сағат 17:00-де тегін вебинар өткізеді.
Вебинар тақырыбы: «Судья лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіндегі біліктілік емтиханын тапсырудың жалпы және жекелеген мәселелері, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясына құжаттарды қабылдау тәртібі»
Спикерлер:
-
Сәлимжанова Сәлима Оралқызы – Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот білімі және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгеруші орынбасары. Тақырыбы: «Біліктілік емтиханын тапсыру мәселелері бойынша».
-
заң ғылымдарының кандидаты Сұлтанов Руслан Рамазанұлы – Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясының Азаматтық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры. Тақырыбы: «Әділет академиясына құжаттарды қабылдау тәртібі мәселелері бойынша».
ZOOM платформасы арқылы қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/meeting/register/BVQ6MtWFRf-lC5Za5qXSlA