2026 жылғы 27 ақпанда 62 жасында Астана қаласы Адвокаттар алқасының 2024 жылғы 30 қазаннан бастап мүшесі болған, адвокаттық қызметті жеке дара жүзеге асырған Беисов Булат Мухаметханұлы өмірден өтті.
Булат Мухаметханұлы өзінің заңгерлік қызметін Қостанай облысының прокуратура органдарында бастап, облыс прокурорының орынбасары лауазымында зейнетке шықты.Содан соң төрт жыл қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды. 2021 жылдан 2024 жылғы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі болды. Булат Мухаметханұлы жоғары деңгейдегі кәсіби маман, ұжымның жанашыры, қиын сәтте әрдайым көмекке келуге дайын жан еді.
Булат Мухаметханұлы тәжірибелі альпинист ретінде көптеген шыңдарды бағындырған. Өмірде де ол үнемі биікке ұмтылып, жеткен жетістіктерімен шектелмейтін.
Булат Мухаметханұлы отбасына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. Осы ауыр сәтте Астана қаласы Адвокаттар алқасының ұжымы олардың қайғысына ортақтасып, орны толмас қазаның қайғысын бірге бөліседі.
Булат Мухаметханұлы жарқын бейнесі жүрегімізде ұзақ уақыт сақталатын болады. Шын жүректен көңіл айта отырып, Астана қаласы Адвокаттар алқасы ның Төралқасы.