📚Астана қаласы адвокаттар алқасының біліктілікті арттыру орталығы семинарға 2026 жылғы 5 маусым, жұма күні сағат 18:00-де «Азаматтық істер бойынша адвокаттық қызмет» бағдарламасы аясында өтетін «Нотариатта куәландырылған мәмілелерді даулау тәжірибесі» атты курсқа қатысуға шақырады.
🤵🏼Лектор: Қарағаев Расул Назымбекұлы – азаматтық юрисдикциядағы елордалық соттардың бұрынғы судьясы, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен сот жүйесінде көп жылдық еңбек өтілі бар заңгер. Азаматтық-құқықтық дауларды қарау, сот актілерін қайта қарау және азаматтық процестік заңнама нормаларын қолдану саласында мол практикалық тәжірибеге ие.
💰Оқу ақысы:
- Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары үшін – 2 500 теңге;
- Басқа өңірлердің адвокаттары, тағылымдамашылар мен заң консультанттары үшін – 3 000 теңге.
💰Вебинарға қатысу үшін Kaspi.kz қосымшасы арқылы келесі сілтеме бойынша төлем жасау қажет: https://kaspi.kz/pay/_gate?action=service_with_subservice&service_id=3025&subservice_id=17115®ion_id=19
💳Егер сізде Kaspi Bank қосымшасы болмаса, төлемді келесі реквизиттер бойынша жасауға болады:
- БСН: 9906 4000 4355;
- ЖСК: KZ25 722S 0000 1924 0215, Kaspi Bank АҚ;
- БИК: CASPKZKA, КБЕ – 17;
- КНП – 861.
✅️Төлем жасалғаннан кейін вебинарға қатысу үшін Zoom платформасында төмендегі сілтеме арқылы автоматты түрде тіркелу қажет:
https://us02web.zoom.us/meeting/register/jivCsPmnQ2amScOyDPh6UA
📧Назар аударыңыз: тіркелген соң сіздің электрондық поштаңызға Zoom-ға кіруге арналған жеке сілтеме автоматты түрде жіберіледі.
✅Тіркеу кезінде келесі мәліметтерді дұрыс көрсету қажет: толық аты-жөніңіз, адвокаттар алқасының немесе заң консультанттары палатасының атауы, әрекеттегі электрондық пошта мекенжайы@, ұялы телефон нөмірі☎️, төлем күні мен сомасы.
🕙Zoom платформасында автоматты тіркелу 2026 жылғы 5 маусым сағат 18:00-де қолжетімді.
📚Вебинар қорытындысы бойынша 5 маусым сағат 18:00-ден 20:15-ке дейін тікелей эфирде қатысқан әрбір тыңдаушыға 3 академиялық сағат көлемінде аталған оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаты беріледі.
✅Вебинар орыс тілінде өтеді.