Республикалық Адвокаттар Алқасының жаңа Төрағасы сайланды
2025 жылғы 21 қарашада, Адвокаттар алқаларының кезектен тыс Республикалық конференциясында Республикалық адвокаттар алқасы Төрағасының сайлауы өтті.
🟦 Дауыс беру қорытындылары бойынша Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы болып Мырзағараев Мади Жомартұлы сайланды.
📌 Сонымен қатар Конференция шеңберінде Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстық адвокаттар алқаларынан РАА Төралқасының мүшелерін қосымша сайлау өткізілді.