Жеке кабинет
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 12 шілдеде қалалық сотта Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің басшысы Е. Жұмақсанов Астана қаласының Адвокаттар алқасы, төралқа төрағасы Р. Узкановпен адвокаттардың біліктілігін арттыру және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелер бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Е. Жұмаксанов пен Р. Узканов азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, адвокаттар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, құқықтық сауаттылық саласында адвокаттарды оқытуға жәрдемдесуге, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мәселелерін көрсететін қысқаша анықтама бойынша сөз сөйледі.

Қатысушылар айтылған мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Кездесу соңында «ҚР Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша Департаменті» РММ мен Астана қаласының Адвокаттар алқасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.