Жеке кабинет
Жоғары Сот Кеңесі мен адвокаттық қоғамдастық судьялар корпусын жасақтаудағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малаховтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы М.Ж. Мырзағараевпен және Астана қаласы адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Р.Е. Ұзқановпен судьялар корпусын қалыптастыру мәселелері бойынша адвокаттар қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар барлық заң кәсіптері өкілдерінің судьялық мансапқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малахов Астана қаласы адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Р.Е. Ұзқановқа Кеңестің дамуына қосқан үлесі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Комиссиясында көп жылдар бойы атқарған жұмысы үшін Құрмет грамотасын табыс етті.