«Адвокатура Сіздің құқықтарыңыз үшін!»
«Адвокатура Сіздің құқықтарыңыз үшін!» Адвокатура күніне орай 2023 жылғы 5 желтоқсанда сағат 10.00-13.00 аралығында халыққа тегін кеңес беру бойынша республикалық акция өткізіледі. Астана қаласының адвокаттар алқасы Сізді келесі мекен-жайлар бойынша кеңес алуға шақырады:
1) «Сарыарқа» ауданының заң кеңесі – Бөгенбай даңғылы, 54.
2) «Алматы» ауданының заң кеңесі – Кенесары көшесі, 69.
3) Есіл ауданының заң кеңесі – Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 11.
4) Нұра ауданының заң кеңесі – Қабанбай батыр даңғылы, 46 б.
5) Байқоңыр ауданының және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі заң кеңесі – Республика даңғылы 2/3.