2026 жылғы 20 ақпанда сағат 14.30-да (Астана уақыты бойынша) тақырыпта Халықаралық практикалық конференция өтеді: «Адвокатураның тәртіптік практикасы: Тәуелсіздік, стандарттар, жауапкершілік».
Конференция Қазақстан Республикасының адвокатура институтын дамыту, кәсіби жауапкершілік стандарттарын нығайту, тәртіптік практиканың ашықтығын арттыру және халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
- Өтетін күні: 20 ақпан 2026 жыл
- Уақыты: 14: 30 (Астана уақыты бойынша)
- Пішім: онлайн (Zoom)
- Өткізу тілі: орыс
- Ұзақтығы: 4 сағат
- Қатысу: ТЕГІН
Сілтеме бойынша тіркелу: https://us02web.zoom.us/meeting/register/Bg4J1LK1RRSOCVu_u2OzUQ
Конференция аясында Қазақстан мен шет елдер адвокатурасының тәртіптік практикасының негізгі мәселелерін талқылау жоспарлануда:
- адвокат тәуелсіздігі мен тәртіптік жауапкершіліктің теңгерімі;
- тәртіптік жауапкершіліктің негіздері және құқық қолданудың проблемалық аймақтары;
- әділ тәртіптік рәсімнің стандарттары;
- халықаралық тәжірибе және тәсілдерді біріздендіру перспективалары.
Конференцияға адвокаттық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, тәртіптік комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің адвокаттары қатысады.
Ұйымдастырушылар: Республикалық адвокаттар алқасы, РАА адвокатурасының тәртіптік комиссиясы, Астана қаласы адвокаттар алқасының біліктілігін арттыру орталығы.
Конференция қорытындысы бойынша қазақстандық адвокаттарға «Адвокаттық қызметтің өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша 4 академиялық сағат біліктілігін арттыру туралы сертификаттар беріледі.
ZOOM ТІРКЕУ НҰСҚАУЛЫҒЫ:
- Конференцияға тіркелу ZOOM бағдарламасында 2026 жылғы 20 ақпанда сағат 14:30-ға дейін әрбір адвокат сілтеме бойынша дербес жүргізіледі: https://us02web.zoom.us/meeting/register/Bg4J1LK1RRSOCVu_u2OzUQ
- ZOOM бағдарламасына тіркелу үшін сізде жеке электрондық пошта мекенжайы болуы керек (басқа әріптестермен бір электрондық пошта мекенжайына тіркелмеңіз, бұл жағдайда ZOOM-да тіркелу жойылады), аты-жөніңізді және ұялы телефон нөміріңізді дұрыс көрсетіңіз.
- Тіркелгеннен кейін электрондық поштаға автоматты түрде бірнеше секунд ішінде ZOOM жүйесіне кіру үшін жеке сілтеме бар хат келеді. Егер хат келмесе, поштадағы «Спам» қалтасын тексеріңіз. Егер «Спам» қалтасы бос болса, тіркелу кезінде электрондық пошта мекенжайын дұрыс көрсетпегеніңізді білдіреді, қайта тіркеліңіз.
- Назар аударыңыз! Сізге хатта келетін жеке атау сілтемесін бөліспеңіз, өйткені сертификат тіркелген шоттардағы аты-жөніңіздің негізінде жасалады. Әкімші бірдей шоттарды алып тастайды және сәйкесінше оларды тіркеу жүргізілмейді. ZOOM бағдарламасы конференцияға қатысушылардың минуттық есебін жүргізеді.