2026 жылғы 19 қаңтарда 64 жасында біздің әріптесіміз, жеке адвокаттық қызметпен айналысқан Абрахимов Асатилла Тажитиллаұлы өмірден өтті.
Адвокаттық қызметке дейін Асатилла Тажитиллаұлы Павлодар облысы прокуратурасында 15 жыл қызмет атқарды. 1999–2003 жылдары – Павлодар облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. 2003–2006 жылдары – Павлодар қаласы 2-соттың судьясы.
2021 жылғы қыркүйек айында Асатилла Тажитиллаұлы Нұр-Сұлтан қаласы Адвокаттар алқасының мүшесі болып қабылданды. Асатилла Тажитиллаұлы өзінің кәсіби шеберлігімен ерекшеленген, сенімді дос, қамқор күйеу және әке болды. Асатилла Тажитиллаұлы отбасына, туған-туыстарына және жақындарына орны толмас қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз.
Осы ауыр сәтте Астана қаласы Адвокаттар алқасының ұжымы олардың қайғысына ортақтасып, орны толмас қазаның қайғысын бірге бөліседі. Асатилла Тажитиллаұлы жарқын бейнесі жүрегімізде ұзақ уақыт сақталатын болады.
Шын жүректен көңіл айта отырып, Астана қаласы Адвокаттар алқасының Төралқасы