Жеке кабинет
Астана адвокаттар алқасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 13 тамызда Астана қаласының адвокаттар алқасы Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Астана қаласының Адвокаттар алқасы атынан Алқа президиумының төрағасы Руслан Ерланұлы Узканов, ал Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы атынан Палата директоры Қанат Төлеубекұлы Алин қол қойды. Құжат кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және олардың құқықтары мен заңды мүдделері ықтимал бұзылған жағдайларда өзара іс-қимылдың тиімді тетігін қалыптастыруға бағытталған.

Меморандумға қол қою адвокатура және бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Құжат тараптардың кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекелдерін уақтылы анықтау және олардың алдын алу, білікті заң көмегінің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ бизнесті қорғау мәселелері бойынша жүйелі шешімдер әзірлеу бағытындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.