Жеке кабинет
Астана қаласы адвокаттар алқасы командасының Қазақстан адвокаттарының IV республикалық спартакиадасындағы күміс жүлдесі

2026 жылғы 1-4 тамыз аралығында Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Жақсы» спорт кешенінің базасында Қазақстан адвокаттары арасында IV республикалық спартакиада өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен адвокаттар қауымдастығының өкілдерін біріктірген бұл ауқымды спорттық іс-шара биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биылғы Спартакиадаға Қазақстан Республикасының 18 аумақтық адвокаттар алқасының атынан 400-ден астам спортшы және 100-ден астам жанкүйер қатысты. Төрт күн бойы қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар адвокаттық кәсіпке тән тәртіп, табандылық, өзара құрмет, жауапкершілік және командалық жұмыс сияқты үздік қасиеттерін көрсетті.

Астана қаласы адвокаттар алқасының намысын жарыс бағдарламасына енгізілген барлық спорт түрлері бойынша 37 адвокаттан құралған команда қорғады. Спортшыларымызды өздерінің жігері, шынайы эмоциясы және жеңіске деген сенімі команданың жалпы нәтижесіне елеулі үлес қосқан ұйымшыл жанкүйерлер тобы қолдады.

Спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткен жөн. Республикалық адвокаттар алқасы мен ұйымдастыру комитеті қатысушылар мен қонақтар үшін барлық қажетті қолайлы жағдайларды жасады. Жарыстар бағдарламасының мұқият әзірленуі, тұру, тамақтану және демалыстың мінсіз ұйымдастырылуы, сондай-ақ шығармашылық кеш Спартакиаданың бүкіл ел адвокаттарын біріктіретін игі дәстүрге әлдеқашан айналғанын тағы бір мәрте көрсетті.

Табандылық, спорттық жігер, ұйымшылдық және жеңіске деген ұмтылыстың арқасында Астана қаласы адвокаттар алқасының командасы 22 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте II орынға ие болды. Бұл елорда адвокаттар қауымдастығының жоғары деңгейдегі дайындығы мен ауызбіршілігін тағы да айқын дәлелдеді.

Әріптестеріміздің жеке жетістіктері де ерекше мақтаныш сезімін тудырады. IV республикалық спартакиаданың чемпиондары:

  • Айгерім Тортаева - әйелдер арасындағы үстел теннисі (екі дүркін чемпион);

  • Аида Дуйсенбаева — әйелдер арасындағы шахмат;

  • Кайрат Курмангалиев — ерлер арасындағы шахмат;

  • Нурсултан Бейсенов — кермеге тартылу.

Күміс жүлдегерлер:

  • Убайдулла Кошанов — бильярд;

  • Айбар Сейдимбек — 100 метрге жүгіру (ерлер);

  • Жанат Малгельдинов (капитан), Данияр Негмат, Ербол Таужан, Айдар Советбеков, Касымхан Улугбеков- арқан тарту командасы.
  • Қола жүлдегер атанған ерлер арасындағы волейбол командасының құрамында: Қанат Бейсекеев (капитан), Назар Абинов, Ерлан Аталыков, Арман Кабенов, Ербол Канафин, Нуржан Кангелдиев, Мухтар Кожахметов, Азат Мустафин болды.

Адвокаттарымыздың жеке спорттық жетістіктері де жоғары бағаланды. Республикалық адвокаттар алқасының кубогымен «Үздік бомбардир» номинациясы бойынша футбол командасының мүшесі Абылай Куанбаев марапатталды. Ал «Үздік шабуылшы» кубогы ерлер арасындағы волейбол командасының ойыншысы Ербол Канафинге табысталды.

Спартакиаданың шырайын келтірген ерекше шаралардың бірі -қатысушыларды жылы әрі достық атмосферада біріктірген шығармашылық кеш болды. Кеш қорытындысы бойынша «РКА Спартакиадасы – 10 жыл тарих» арнайы кубогымен «Команда молодости нашей» әнін әсерлі орындаған Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Айгул Вахитова марапатталды.

Спартакиадаға қатысу спорттың адвокаттар қауымдастығының корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін тағы бір мәрте көрсетті. Спорт денсаулықты нығайтуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға, сенім мен өзара қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген әріптестерді біріктіреді.

Астана қаласы адвокаттар алқасы Республикалық адвокаттар алқасына, ұйымдастыру комитетіне, төрешілерге, еріктілерге және осы ауқымды іс-шараны өткізуге атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығын білдіреді. Елорда адвокаттар алқасының намысын лайықты қорғап, мінезінің мықтылығын, кәсіби бірлігін және жеңіске деген жігерін танытқан спортшыларымыз бен жанкүйерлерімізге айрықша алғысымызды білдіреміз. Жалпыкомандалық есепте иеленген екінші орын - бұл тек жоғары спорттық нәтиже ғана емес, сонымен қатар адвокаттар қауымдастығының ұйымшылдығының, өзара қолдауының және дәстүрлерге адалдығының айқын көрінісі. Қол жеткізген жетістігіміз Қазақстан адвокаттары арасындағы спорттық қозғалыстың одан әрі дамуына және жаңа жеңістерге ынталандырады деп сенеміз.