Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығында «Әкімшілік істер (ҚР ӘРПК) бойынша сот шешімдерін орындау мәселелері» тақырыбында сұхбат өтті.
Конференцияның жұмысына Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қ.Қ.Мусин, орталық директоры Т.С.Нұрышева, Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Т.Амангелдин, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары С.Р.Куликова, Г.Ж.Жексембаева, А.С.Палмаханова, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясының доценттері мен профессорлар, магистранттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары, жеке сот орындаушылар қатысты. Пікір алмасу өтіп, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер көтерілді.