Жеке кабинет
Біліктілікті арттыру орталығы Сізді «Азаматтық істер бойынша адвокаттық қызмет» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын вебинарлар цикліне қатысуға шақырады.

Біліктілікті арттыру орталығы адвокаттарды, заң консультанттарын, тәжірибелі заңгерлерді және барлық мүдделі мамандарды «Азаматтық істер бойынша адвокаттық қызмет» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын вебинарлар цикліне қатысуға шақырады.

Бағдарлама мәмілелерді даулау және азаматтық-құқықтық дауларды шешудің өзекті мәселелеріне арналған өзара байланысты үш курсты қамтиды:

  • 📚 1-курс. «Нотариатта куәландырылған мәмілелерді даулау тәжірибесі»
  • 📚 2-курс. «Азаматтық-құқықтық мәмілелерді даулаудың теориясы мен практикасы»
  • 📚 3-курс. «Иелену мерзіміне қатысты дауларды шешудің теориясы мен практикасы»

Бағдарлама лекторы – Қарағаев Расул Назымбекұлы, Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бұрынғы судьясы, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен сот жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар заңгер. Вебинарлар барысында сот тәжірибесінің өзекті мәселелері, азаматтық істер бойынша дәлелдеу ерекшеліктері, мәмілелерді жарамсыз деп тануға байланысты проблемалық аспектілер, сондай-ақ иелену мерзіміне қатысты дауларды шешудің практикалық тәсілдері қарастырылады.

Қатысушылар практикалық кейстерді зерделеуге, соттардың құқық қолдану тәжірибесімен танысуға және азаматтық істерді жүргізу барысында жиі кездесетін қателіктерді талқылауға мүмкіндік алады.