Жеке кабинет
Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясының қорытындысы: РАА Төралқасының жаңа мүшелері мен Тәртіптік комиссияның төрағасы сайланды

2026 жылғы 21 қарашада «Radisson» қонақ үйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы адвокаттар алқаларының Республикалық конференциясы өтті.

Конференцияның күн тәртібіне адвокатураның ұйымдастырушылық және кәсіби дамуына қатысты маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда:

  • Адвокатураның Тәртіптік комиссиясы төрағасын сайлау;
  • Республикалық адвокаттар алқасы Президиумының мүшелерін сайлау.

3f74f393-bd86-44ab-b02b-a31fe0e5b327.jpg


Конференцияға Астана қаласының адвокаттар алқасынан делегаттар ретінде Г. Калиакпарова, С. Акатова, Б. Бейсебаева, Р. Қуанышбаева, Р. Узканов, Л. Корчагина және А. Токаева қатысты.


Дауыс беру қорытындысы бойынша Атырау облысының адвокаты Хамитов Тлек Нұрович Адвокатураның Тәртіптік комиссиясының төрағасы болып сайланды.

d75123d6-488d-47df-9064-087b5a5d1708.jpg


Хамитов Тлек Нұрович


Астана қаласының адвокаттар алқасынан Республикалық адвокаттар алқасы Президиумының мүшелері болып Жамансариев Кажикан Николаевич пен Даниалова Асемгуль Маратова сайланды.

51d5c729-d6cd-4768-9f6b-325d661e7202.jpg


Жамансариев Кажикан Николаевич, Даниалова Асемгуль Маратова


Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және еліміздің адвокаттар қауымдастығының игілігі жолында жемісті еңбек етулеріне тілектестік білдіреміз!

Республикалық конференция адвокаттар қауымдастығы қызметінің өзекті мәселелерін талқылау, адвокатураның өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру және Қазақстан Республикасындағы адвокатура институтын одан әрі дамыту жолындағы маңызды алаңға айналды.